Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру және тәлімгерлікке қатысты заң жобасы бойынша Сенат депутаты Медебаев С.Т. баяндама жасады.

24.12.2024 139

Аталған заңның БІРІНШІ БӨЛІМІ тәлімгерлік институтын реттеуге арналған. Мәселен, тұжырымдаманы заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында, сондай-ақ жетім балалардың, білім беру ұйымдарындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау мен көмек көрсету және тәлімгерлік жөніндегі ұйымдардың жұмысын жүзеге асырады.

        Сондай-ақ, заң ұйымның тәлімгерлік жөніндегі құқықтары мен міндеттерін бекітеді, атап айтқанда, олар тәлімгер болғысы келетін адамдарға консультативтік көмек көрсетеді, оларды оқытады, сондай-ақ тәлімгерлердің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

        Заңның екінші блогы қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтауға және қорғауға бағытталған. Осыған байланысты қазақ тілінің барлық стильдері мен жанрларындағы мәтіндерді қамтитын қазақ тілінің ұлттық корпусына негізделген қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры - бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйені құру көзделген.

Бөлісу