Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Үкімет сағатына қатысу

31.01.2025 139

 Менің сұрақтарым Төтенше жағдайлар министрлігінің өкіліне жолданады.

2024 жылы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің бірқатар өңірлерінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес отырысын өткізіп, отырыс барысында Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алған болатын.

Сонымен қатар, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыстың болмағандығынан кейбір аймақтардың су тасқынынан зардап шегіп жатқандығы туралы айтылды.

Жыл сайын «Казгидромет» еліміз бойынша су тасқыны болуы мүмкін аймақтарды анықтап, тиісті министрліктер мен әкімдіктерге болжамды ақпараттарды  жолдап отырады.

Алайда,  аталған ақпараттар бойынша уақытылы шаралар қолданылмау себебінен көптеген аймақтардағы аудан, ауыл және басқа да елді мекендер осы уақытқа дейін су тасқынынан зардап шегуде.

Осы ретте менде келесідей сұрақтар туындайды.

Су тасқынының алдын алу үшін Төтенше жағдайлар министрлігі мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар арасында үйлестіру жұмыстары қалай жүзеге асырылуда?

Су тасқынын болжау жүйелері жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін қандай шаралар қабылдануда?

 

Бөлісу