Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелеріне қатысты заң жобасы бойынша Сенат депутаты С.Т. Медебаев баяндама жасады.
Қаралған Заңға Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық жасап, пошта байланысы нарығын дамытуға, пошта саласындағы уәкілетті органның қызметін жетілдіруге, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін арттыруға, жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге бағытталған.