Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау бойынша Сенат отырысында С.Т. Медебаев баяндама жасады.

10.04.2025 139

Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы Келісім Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар құжат және оның қабылдануы елдің халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауға, азаматтарымыздың құқықтарын қорғауға және қылмыстық атқару жүйесін дамытуға бағытталған қажетті қадам болып табылады.

Келісімнің негізгі мақсаты – сотталған адамдарды өз елдерінде жазаларын өтеу үшін беру. Аталған келісім екі ел арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтып, өз отанында қайта тәрбиелену мүмкіндігін бере отырып, сотталған азаматтардың отбасы және қоғаммен қарым-қатынасының сақталуына мүмкіндік береді. Бұл азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне, психологиялық жағдайының жақсаруына оң әсер ететін фактор болып табылады.

Қазақстанның халықаралық деңгейде өз құқықтық имиджін нығайтуы үшін бұл заңды қабылдау өте маңызды. Ол еліміздің халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді және адам құқықтарын қорғау бойынша халықаралық стандарттарға сай әрекет етуге мүмкіндік береді.

Бөлісу