Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру мәселелері талқыланды
Комитет отырысында «Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру – елдің құқықтық және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды шарты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыру, қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру және нормативтік-құқықтық базаны дамыту мәселелеріне ерекше назарға алынды.