Күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері туралы заңды қарады
Кеңейтілген комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды қарады.
Аталған заңды талқылау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, соның ішінде Ішкі істер, Қорғаныс министрліктерінің, Бас прокуратураның, сондай-ақ қатысты ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында күзет қызметі субъектілерінің қызметін жетілдіру, қару иелеріне қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй төлемдері тетіктерін ретке келтіру бағытындағы мәселелер қарастырылды.