Адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы заңы қаралды
Комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қаралды.
Жиын барысында бұл Келісім көші-қон процестерін реттеу және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалайтыны атап өтілді. Құжат тараптар мемлекеттерінің аумағына заңсыз кірген, онда заңсыз жүрген немесе тұрып жатқан адамдарды қайтарудың тиімді, жүйелі және өзара тиімді механизмін құруды, сондай-ақ көші-қон режимдерін теріс пайдаланудың алдын алуды көздейтіндігі туралы айтылды.