Самокаттарды тіркеу: құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кешенді шаралар қаралды
Комитетінің кеңейтілген отырысында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заң, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілерге ілеспе өзгерістер мен толықтырулар қаралды.
Отырыс барысында қабылданатын нормалар құқыққа қайшы мінез-құлықтың себептері мен жағдайларын ерте анықтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған құқық бұзушылықтардың алдын алудың біртұтас жүйесін қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.
Сондай-ақ, қоғамдық орындарда бетті тануға кедергі келтіретін киім заттарын киіп жүргені үшін жауапкершілік енгізу туралы норма талқыланды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, бұл құқық бұзушылық үшін ескерту, ал қайталап жасалған жағдайда айыппұл қарастырылған. Бұл шара құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.