Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Активтерді қайтару бойынша заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды

11.12.2025 141

Кеңейтілген комитет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының шешімдерін орындау және заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады. Түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет, жер пайдалану құқығын мұрагерлікке алу, алименттік міндеттемелерді орындау, сондай-ақ заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелеріне қаралды.

Заңда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға кәсіпкерлік және өзге де ақылы қызметпен айналысуға жалпы тыйымның күшін жою ұсынылған. Бұл ретте жекелеген санаттарға шектеулер сақталады, егер ол лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтірсе, қызметтік мүлікті пайдалануды көздесе не мүдделер қақтығысын туғызатын болса ол қызметке жол берілмейтін болып есептелетін нақты негіздер енгізілді.

Жер кодексіне жер пайдалану құқығының мұрагерлік тәртібін нақтылайтын өзгерістер енгізіледі, бұл мұрагерлік рәсімдерінің біркелкілігін қамтамасыз етеді. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске енгізілген түзетулер арнаулы салық режимдерін қолданатын немесе елден тыс жерде тұратын ата-аналарға қатысты алименттерді ақшалай сомада ұстап қалу тәртібі айқындалды.

Бөлісу