Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Президенттің экологиялық саясатқа көзқарасы туралы

06.01.2026 131

Ұлытау облысында болып, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарымен, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездестім.

          Кездесу барысында өңір тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелер қаралды. Экологиялық жағдайға және өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметінің қоршаған ортаға әсері, эмиссиялық төлемдерді төлеу мәселелері, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ көршілес өңірлер арасындағы газ бағасының айырмашылығы жергілікті тұрғындарды алаңдататындығы және газ бағасын ретке келтіру назарға алынды.

          Сондай-ақ, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатында экологиялық қауіпсіздік, әділ тариф белгілеу, коммуналдық және жол инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне жүйелі көзқарас қажеттігіне ерекше назар аударғанын атап өттім.

          Сонымен қатар, кездесу барысында облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар Жезқазған – Арқалық және Жезқазған-Қарағанды автомобиль жолдарын жөндеу, сондай-ақ өңірдің мәдени және рухани әлеуетін нығайтуға бағытталған рухани даму орталығын құру жөніндегі мәселелер көтерілді және  ветеринарлық зертхана ашу және теріні қайта өңдеу цехын іске қосу бойынша ұсыныстар қаралды. Осы жобаларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға, Ауыл шаруашылығын қолдауға және өңірдегі шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша серпін беруге мүмкіндік беретіндігі туралы айтылды
Бөлісу