Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

30.04.2026 414

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қарады. 

14.04.2026 232

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Фермер қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құқықтық тетіктерді дамыту перспективалары (шаруашылықтың шағын нысандарын қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру)» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.

01.04.2026 310

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң қаралды.

17.03.2026 265

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаевтың төрағалық етуімен салалық министрліктердің, «Атамекен» ҰКП және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесу өтті. Күн тәртібінде фитосанитария қызметін жетілдіру, өсімдіктерді қорғау және агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері қаралды.

13.03.2026 237

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары қалдықтардың барлық түрлерін (радиоактивтілерден басқа) басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының таныстырылымына қатысты.

17.02.2026 241

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Халық Конституциясы жобасын жалпыұлттық талқылау жөніндегі жалпыұлттық коалиция қызметінің аясында Қызылорда облысының тұрғындарына конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндірді. Сенаторлар жұмыс сапары барысында Қармақшы ауданындағы Ақай ауылының тұрғындарымен, сондай-ақ мәдениет және өнер саласының өкілдерімен кездесулер өткізді.

12.02.2026 257

Сенатта жабайы жыртқыш аңдардың, ең алдымен қасқырлар мен аюлардың елді мекендерге, жайылымдар мен жеке қосалқы шаруашылықтарға шығуының жиілеп кеткен жағдайлары бойынша жұмыс кеңесі өтті.

11.02.2026 286

ҚР Парламенті Сенатында Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырыста «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялау» заңы қаралды. Отырысқа Сенат депутаттары және тиісті мемлекеттік органдар қатысты.

10.02.2026 267

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қызметі мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесті.

05.02.2026 576

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті депутаттары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Ситуациялық орталығына барды. Іс-шара Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешен мен су шаруашылығын цифрлық трансформациялау тақырыбындағы парламенттік тыңдауларға дайындық шеңберінде өтті.


27.01.2026 298

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары климаттың өзгеруі жағдайында жерасты су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау мәселелерін талқылау үшін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің өкілдерімен кездесті.

21.01.2026 385

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары «Мал шаруашылығын дамыту перспективалары және ет пен ет өнімдерін өндіру мен сату мәселелері» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізді. Комитет төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде мал шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйі мен негізгі сын-қатерлеріне тоқталып, мемлекеттік қолдаудың оң нәтижелерін де, саладағы қордаланған жүйелі мәселелерді де атап өтті.

14.01.2026 410

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады.

05.12.2025 451

Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Түркістан облысында болды. Онда аграрлық секторды әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобаларын дамыту мәселелері бойынша отырыс өтті.

21.11.2025 604

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары өсімдіктер дүниесін қорғау және олардың биоалуандығын сақтау мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесу өткізді. Қатысушылар экожүйелердің жағдайына әсер ететін қауіптердің алдын алуға орай мемлекеттік органдардың ағымдағы жұмысы мен күш-жігерін талқылады.