Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаян

Бортник
Михаил
Михайлович

1960 жылдың 3 мамыр күні Павлодар облысы, Ертіс ауданының Суворовоселосында дүниеге келді.

Ұлты – Украин.

Әке-шешесі: Бортник Михаил Иванович, Бортник Татьяна Степановна

Отбасылы, екі баласы бар.

Павлодарлық индустриалдық институтты қызыл дипломмен бітірген (1982), мамандығы - инженер-промтеплоэнергетик, Ортаазиялық университет (2002), заңгер, мемлекеттік қызметкерлерді қайта оқыту бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Ель университетінде оқыған (2006 ).

1982 жылдан бастап – пластмасс зауытының техникалық жабдықтарды жөндеу шебері (Шевченко қ.). 1985 жылдан бастап – пластмасс зауытының Комсомол Комитетінің хатшысы. 1986 жылдан бастап – Шевченко қалалық комитетінің 1-хатшысы. 1989 жылдан бастап –пластмасс зауытының(«АКПО» АҚ) жылумен қамту учаскесінің басшысы, пластмасс зауыты бас энергетигінің орынбасары.1998 жылдан бастап –  Ақтау қаласы Әкімінің орынбасары. 1999 жылдан бастап – Маңғыстау облысы Әкімінің орынбасары.

2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін–Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Келесі ордендермедальдар иегері: «Құрмет» (2007), «Затрудовоеотличие» (1985), «Қазақстан Республикасың тәуелсіздігіне 10 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың он жылдығы» (2008), Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаттары (2000, 2008, 2010) ҚР Президентінің алғыс хаты (2010). 

Әскери шені: запас майоры.