Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Имангалиева Маржан Абдирасиловна

Имангалиева Маржан Абдирасиловна

Қызметі: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі.

1987 жылы 26 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Қазақ, орыс, ағылшын, француз тілдерін меңгерген.

Білімі, ғылыми дәрежесі:

Журналист, экономика ғылымдарының магистрі, PHD докторант.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.

Еңбек жолы:

2005-2007 жж. – «Қазақ үні» газетінің редакторы.

2006-2008 жж. – редактор, диктор, «Інжу-Маржан», «Бізде қонақта» бағдарламаларының жүргізушісі, «Айғақ» медиа-холдингі.

2007-2008 жж. – баспасөз хатшысы, «Арнес» ЖШС.

2008 ж. – КТК телеарнасы, корреспондент.

2008-2012 жж. – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» ҚҚ редактор, аудармашы, интернет зал меңгерушісі.

2012 ж. – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» ҚҚ жанындағы Әлемдік экономика және саясат Институты, экономика бөлімінің сарапшысы, Н.Назарбаев орталығының бас сарапшысы.

2012-2019 жж. – телестудия меңгерушісі, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

12.08.2019 ж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының   Хатшылығында бас консультант міндетін атқарушы.

01.10.2019 г. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының  кеңесшісі.

Жетістіктері:

- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Жастар Кеңесінің мүшесі.

- Журналистер Одағының мүшесі.

- 50-ден астам ғылыми мақалалары республикалық, халықаралық басылымдарда жарияланған.

- «Мұқағали», «Шер», «Жамбыл», «Темірбек Жүргенов» және тағы басқа кітаптардың редакторы.

- "Мерейлi отбасы" Ұлттық байқауының лауреаты.

- «Бұрымды ару» республикалық телебайқауының жеңімпазы.