Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

13.05.2026 152

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады. Кеңейтілген отырысқа сыртқы істер, әділет, сауда және интеграция министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестиция комитетінің өкілдері қатысты.

20.04.2026 164
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасының әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады.
16.04.2026 346

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Құдайберген Базарбаевпен кездесті.

14.04.2026 184

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Астана су қоймасына барып, аса маңызды инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды.

09.04.2026 272

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қаралды. Отырысқа сенаторлар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

02.04.2026 702

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында «Қожа Ахмет Ясауи ізімен: қолөнершілер» атты халықаралық мәдени-ғылыми симпозиум өз жұмысын бастады. Шараға ғылыми және сарапшылық қоғамдастық, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ көршілес мемлекеттерден келген делегациялар қатысты.

02.04.2026 304

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» Заң қаралды.

06.03.2026 304

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды кеңейтілген отырыста талқылады.

10.02.2026 325

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне барып, жоғары оқу орны басшылығымен әскери кафедра базасында офицер кадрларын даярлау және оқу үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша кездесу өткізді.

27.01.2026 266

Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Қазақстан Республикасының интеграциялық бірлестіктерге қатысу мәселелеріне арналған отырысы өтті. Өзара іс-қимылдың қазіргі нәтижелері, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді және қосымша талдауды талап ететін аспектілер қаралды.

26.01.2026 260

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері «SP BKM» ЖШС BESQARU қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорнына барды. Іс-шара барысында сенаторлар кәсіпорынның өндірістік цехтарының, құрастыру желілерінің, өндірістің негізгі кезеңдерінің жұмыстарымен және шығарылатын өнімнің сапасын бақылау қызметімен танысты. Зауыттың технологиялық мүмкіндіктеріне және өндірісті оқшаулау деңгейіне де ерекше мән берілді.

20.01.2026 323

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Астана қаласында көшпелі отырыс өткізді. Депутаттар елорда мысалында жергілікті органдардың аумақтық қорғаныс пен әскери инфрақұрылымды дамытудағы жұмысын талқылады. Жиынға Қорғаныс министрлігінің, қалалық мәслихат пен әкімдіктің өкілдері де қатысты.

15.01.2026 831

Парламент Сенатында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Андрей Лукин Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Штефан Гордамен кездесті.

18.11.2025 390

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары төтенше жағдайларға орай әрекет етуді автоматтандыру және ақпараттық жүйелерді қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен кездесу өткізді.

13.11.2025 425

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары «Қазаэронавигация» РМК-де болып, ұшақтардың әуе және жердегі қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпорынның халықаралық қызметі туралы мәселелерді талқылады.