ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң таныстырылды. Құжат экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысында қаралды.
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы жасыл энергияны өндіру және беру саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарады.
ҚР Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері жұмыс сапарымен Жетісу облысында болды. Сапардың негізгі мақсаты - арнайы экономикалық аймақтардың қызметін зерделеу және олардың елдің транзиттік және өнеркәсіптік әлеуетін дамытудағы рөлін бағалау.
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшылығымен кездесу өткізді. Онда Қазақстанның атом өнеркәсібінің қазіргі жағдайы мен даму келешегі талқыланды.
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.
Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері «Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту» тақырыбы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор және бизнес-қоғамдастықтың өкілдерімен жұмыс бабындағы кездесу өткізді.
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы заңдарды қарастырды.
Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитеттің Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жедел цифрландыру жобасы» қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру мәселелеріне арналған отырысы өтті.
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары көлік-транзит саласын жаңғырту мәселелері бойынша көшпелі іс-шара аясында «Штадлер Қазақстан» ЖШС-нің жүйдек жолаушылар вагондарын шығаратын зауытына барды.
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттарына «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң таныстырылды.
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста құрылыс, цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік қызмет саласындағы құқықтық реттеуді жаңғыртуға бағытталған бірқатар заңнамалық бастамаларды қарады.
Сенатта Сүйіндік Алдашевтің төрағалығымен экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырысы өтті. Кездесуде Қарағанды облысы, Саран қаласында өткен, машина жасау саласын дамытудың негізгі мәселелері қаралған дөңгелек үстелден кейін дайындалған хаттама тармақтары талқыланды.
Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болып, оған салалық министрліктердің өкілдері қатысты. Мемлекет басшысының саланы цифрландыру және жер қойнауын пайдалану процестерін ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру жөніндегі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қаралды.
Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қаралды. Талқылауға Энергетика министрлігінің, Атом энергиясы агенттігінің, сондай-ақ ұлттық компаниялардың өкілдері қатысты.