Асқар
Оразалыұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы
1956 жылғы 2 ақпанда Қарағанды қаласында туған.
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка институтын, КСРО ІІМ академиясының күндізгі адьюнктурасын бітірді. Заң ғылымдарының кандидаты. Ағылшын және қытай тілдерін меңгерген.
1 класс Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангісі бар.
1978 жылдан 1992 жылға дейін – КСРО Ішкі істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
1992 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шарттар-құқықтық басқармасының бөлім меңгерушісі, бастықтың орынбасары, бастығы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі алқасының мүшесі.
1995 жылдан 1996 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы істерінде уақытша сенімді өкіл.
1996 жылғы мамыр - сәуір айлары арағында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалары бойынша елші.
1996 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
1998 жылдан 2004 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Индиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
2004 жылғы тамыз айынан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.
2006 жылғы ақпаннан 2007 жылғы маусымға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитетінің төрағасы.
2007 жылғы қыркүйектен – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
2012 жылғы 27 қыркүйекте – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған.
2017 жылғы 4 қыркүйекте – ҚР Президентінің ұсынуы бойынша ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне сайланды.
2019 жылғы 13 тамызда – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
2019 жылғы 2 қыркүйекте – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары болып сайланды.
2023 жылғы 24 қаңтарда – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
«Парасат», «Құрмет» ордендарымен және 21 медальмен марапатталған.